Алматыда айып тұрағына қойылған көлікті "шығарып беруге" көмектескен полицей сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы үкімімен Медеу аудандық ПБ әкімшілік практика бөлімшесінің бастығы А. Бегматов алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ол Алматы қаласының судьясын алдау және оған пара беруге итермелеу жолымен, делдал Р.Алиев арқылы азамат О. Абдиевтің автокөлігін айыппұл тұрағынан қайтару және әкімшілік жауапкершілікке тартпау жөніндегі мәселесін оң шешу үшін азаматтар В. Абдиев пен А. Бадаловтың 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

А. Бегматовқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Делдал Р. Алиевке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3.7 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Пара берушілер В. Абдиев пен А.Бадаловқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 9.3 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Алматы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс