ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады

Сурет: wikimedia
Әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевті ұстағаны жөнінде ақпарат тараған еді. ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттегілер Мақсат Қожабаев сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғанын нақтылады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 9 қаңтарда жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр". ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Комитет өкілдері басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды