Нұрлан Мәсімовке тағы екі іс бойынша айып тағылды

Сурет: видеодан скриншот
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыпталған Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке әкімшілік кодек баптарымен тағы екі айып тағылды. Бірақ сот істерді қарауды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Нұрлан Мәсімовке қатысты материалдар қаралып жатыр. Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы қазір атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімін күтіп тергеу изоляторында жатыр. Ол сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы бойынша түскен екі іс бойынша өтетін әкімшілік сот отырысына қатысады. Ол бапта лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Сот базасының құжаттарында көрсетілгендей, Мәсімовтің полиция басшысы болып тұрған кезінде жасаған құқық бұзушылықтары туралы хаттаманы облыстық тексеру комиссиясының маманы толтырған. Бұл екі істі сот бір іске біріктірді. Қаңтардың 16-сы күні Нұрлан Мәсімовтің өкілдері қазір тексеру комиссиясы қызметкерінің әрекетіне шағымданып жатқанын хабарлады. Сол себепті сот бұл істі одан әрі қарауды кейінге қалдырды. Іс қашан қайта қарала бастайныны белгісіз. Айыпкер бұл әкімшілік құқық бұзушылықты мойындамайтынын айтты.

Нұрлан Мәсімовтің үстінен іс қозғалғаны сәуірде белгілі болып, Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майорға іздеу жарияланды. 13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.

22 желтоқсанда Павлодар облысының прокуратурасы Нұрлан Мәсімовке қатысты істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотқа берді.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты