"Антикор" Алматының экология саласында тіркелген қылмыстық істер жайлы ақпаратпен бөлісті

Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар салаларда жемқорлықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Алматы қаласының тұрғындарын алаңдататын мәселелердің бірі - экология, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Мәселен, жүйелі түрде пара алуда Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары әшкереленді.

Олардан бизнес өкілдерінен экологиялық бекеттерде автокөлік құралдарына экологиялық мониторинг жүргізу бойынша бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін 12 млн.теңгеден астам қаражат алынғаны анықталды.

Бұдан басқа, жемқорлық жасауда әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» басшылығы әшкереленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кешенімен парк басшысының санитарлық бұтау және ағаштарды кесу жөніндегі шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 млн.теңге сомасында пара алғаны туралы дәлелдер алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды