"Алматы жылу желілері"ЖШС мен "Балқаш су" ЖШС басшылығы пара алды, ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
23 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алматы жылу желілері" ЖШС және "Балқаш жылу" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "АлТС" ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген (ҚР ҚК 366-бабы).

Бұдан бөлек, "Балқаш жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден астам ұрлық жасады деп күдіктелуде (ҚР ҚК 189-бабы).

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, серіктестіктің жеткізушілерге 1,5 миллиард теңгеден астам сомада қарызы болған.

"Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?