Ақтөбе облысында пара алды деп күдікке ілінген мектеп директорының ісі сотқа жетті

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында пара алды деген күдікпен ұсталған мектеп директорының ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, №6 мектептің директоры 600 мың теңге көлемінде пара алған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Айыппұл салынады немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.


"Шалқар аудандық сотында айтарлықтай мөлшерде пара алу айыбымен, яғни Қылмыстық кодекстің 366 бабы 2-бөлігімен сотқа берілген мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Осы іс бойынша басты сот талқылауы 27 ақпанға белгіленді". Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін