Қарағанды әкімінің экс-орынбасары екі жылға сотталды

Сурет: kargormaslihat.gov.kz
Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков екі жылға сотталды. Ол қызметін асыра пайдалынып, баспана құрылысына бөлінген қаржының 120 миллион теңгені талан-таражға салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-шенеуніктің тергеу абақтысында отырған уақыты ескеріліп, колонияда үш ай отыратын болды.


Жақсылық Шалабеков екі жылдың ішінде бір іс бойынша екі рет сотталып отыр. Алғашықысында ол бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін "кінәлі" деп танылған. Тұрғын үй құрылысына бөлінген ақшадан 120 миллион теңгені құрылыс компаниясына заңсыз аударып жірегені үшін ол бір жарым жылға сотталды.

Экс-шенеуніктің тергеу абақтысында отырған уақыты ескеріліп, түрмеде алты күн отырып шыққан еді. Прокуратураның араласуымен Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жойып, іс қайта тергелген.

Бұл жолы іс қызметін асыра пайдалану бабы бойынша жүрді. Сотталушы өзі үкіммен келіспей, өзін бақталастардың құрбаны болдым деп санайды. Оның айтуынша, құрылыс компаниясына жұмысты бастау үшін аванс төлеу - қалыпты тәжірибе. Ол қаражатты аудару шешімін "мен емес, комиссия қабылдады" дейді. Ал тергеу кесірінен баспана сол күйі салынбай қалған.
"Осы тергеуді өткізген мекеме ешқандай бөгет жасамағанда бұл күні сол үйлер тұрғызылатын еді. Кім тапсырғанын білемін, бірақ мен сіздерге оның кім екенін айта алмаймын. Бірақ өз уақытымен бәрінің беті ашылады ғой. Оны кім тапсырғанын білемін, ол адамдар әлі күнге дейін осы қызметін атқарып жатыр". Жақсылық Шалабеков

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады