Қазақстандық әлем бойынша Wi-Fi тарататын симка ойлап тапты

islam.kz
Қай елге барсаңыз да, сол симка арқылы WhatsApp-ты да, Viber-ді де қоса аламыз.

Қазақстанда өнертапқыш әлем бойынша Wi-Fi тарататын симка ойлап тапты. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында хабарлады, деп жазады islam.kz.

«Кейде үлкен болмаса да, жобалар адамды қызықтырады. Мәселен, сіз шетелге шыққанда роуминг бойынша көп шығынға бататыныңыз анық. Ал қазақстандық өнертапқыш сіздерге қолайлы симка ойлап тапты. Ол бүкіл әлем бойынша Wi-Fi таратады. Қай елге барсаңыз да, сол симка арқылы WhatsApp-ты да, Viber-ді де қоса аламыз. Және тегін қоңырау шала аласыз. Оны өзім де пайдалануға асықпын. Ең бастысы симканы қазақстандық ойлап тапты. Егер оны тиісінше қаржыландырмасақ, отандық өнім шетелдіктің қолына өтіп кетеді», - деді вице-министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды