Темекі тартатындарға коронавирус жұға қоймайды – ғалымдар

vazhno.ru
Темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда 20 есеге төмен екен.

Осындай қорытындыға коронавирустың таралуы табиғатын зерттеген ғалымдар келді, деген "Федерал Пресс" басылымының жаңалығын vazhno.ru сайты жариялайды.

Басылым деректерінше, Ухандағы коронавирус жұқтырған 140 адам тексерілгенде, олардың арасындағы 2 адам ғана темекі тартатын болып шықты. Бұл науқастар тобының небәрі 1,4%.

Бұл дегеніміз, алдын-ала қорытындыларға сай, темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда 20 есеге төмен дегенді білдіреді.

Сонымен бірге, сарапшылар коронавирус жұқтыру қауіпі әсіресе гипертония мен диабеті бар адамдарда жоғары деп атап өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды