Түркімен билігі телефонына VPN орнатқандардың ізіне түсуде

fergananews.com
Студенттерден тыйым салынған сайттарға кірмейтіні жөнінде қолхат та алып жатыр.

Түркіменстан үкіметі еліндегі экономикалық дағдарыс кезінде жағымсыз жаңалықтарды бұғаттауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Билік әсіресе бұғатталған сайттарға кіретін VPN сервисін орнатушылардың ізіне түсіп жатыр.

Билік өкілдері студенттерден тыйым салынған сайттарға кірмейтіні жөнінде қолхат та алып жатыр.

Түркімен билігі тіптен шетелдегі түркімен оппозициясының YouTube каналына шағым түсіріп, жабуға қол жеткізді.

Түркімен билігі коронавирус пандемиясы кезінде елде індет жұқтырғандар анықталмады деп мәлімдеп келеді.

Бірақ биресми ақпаратқа қарағанда, індет елде өршіп тұр. Билік тарапынан бақылаудан қалған. Сол себептен қазір интернетті барынша бұғаттауға тырысып жатыр.

Тамыз айында Азаттықтың түркімен қызметі "Түркіментелеком" Германиядан жаңа технологиялар сатып алып, қытай мамандарының көмегімен VPN сервистерін бұғаттап жатқанын хабарлаған.

Мобилді телефонына VPN орнатқан адамдарға айыппұл алып, 15 тәулікке дейін қамап жатқаны осыған дейін хабарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады