Дизайнерлер кинотеатрлар үшін коронавирусқа қарсы кресло ойлап тапты

Сурет: zakon.kz
Орындықтың бас жағына алынбалы-салынбалы экран орнатылған.

Британдық дизайнерлер кинотеатр көрермендеріне арналған қауіпсіз орындықтар жасап шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Лондонда орналасқан Layer дизайн компаниясы театр гигиенасына арналған орындықтарды көпшілік назарына ұсынды.

Sequel Seat жұмсақ кресло жақтауы электронды жарықпен қамсыздандырылған, ол орын нөмірін және оны брондаған адамның аты-жөнін көрсете алады, орындықтың бас жағына алынбалы-салынбалы экран орнатылған. Ол адамның өзімен алып келген сөмкесін, тағы басқа заттарын салып қоюға арналған, оның ішкі жағына УФ-лмапалар орнатылған, ол заттарды сәулелендіріп, зарарсыздандырады. Отыратын жерде де зарарсыздандыру құрылғысы бар. Ал материалы трикотажандан жасалған, алайда оның арасында бактерияға қарсы мыс сымдар бар, бұл кресло материалына бөтен заттардың сіңіп немесе кіріп алуына жол бермейді. Ылғалға төзімді.

Әзірге бұл нау-хау креслоның бағасы әлі жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды