Жапония мен АҚШ зерттеушілері портативті электрониканы бөлменің кез келген жерінде зарядтауға мүмкіндік беретін сымсыз зарядтау әдісін ойлап тапты. Зерттеушілердің мақаласы Nature Electronics журналында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұндай сымсыз зарядтау технологиясы гаджеттерді қуаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ гаджеттер зарядтау станциясынан бірнеше сантиметр қашықтықта болуы керек. Токио мен Мичиган университетінің зерттеушілері "мультимодальды квазистатикалық қуысты резонанстық" деп аталатын әдісті тапқан екен. Ол бүтін бір бөлмені сымсыз қуаттау жүйесіне айналдырады.
Бұл әдісте қабырғаға жасырылған құрылғы магнит өрісінің үш өлшемді қуаттау линияларын құрады. Ол екі де үш метрлік бөлмедегі портативті гаджеттерге 50 ватттан астам электр энергиясын бере алады. Гаджеттер адам қолындағы қолындағы қозғалыс кезінде де бөлменің кез келген жерінде қуат қабылдай алады, бірақ ол үшін оған бекітілген қабылдағыш катушкалар магнит өрісіне дұрыс бұрыштан қарайтындай етіп орналасуы керек.
Өнертапқыштар өздері тапқан бұл әдістің адамға қауіпсіз екенін айтады.