Қытай БҰҰ-ға Илон Масктың жерсеріктеріне қатысты шағымданды

Сурет: pixabay
Жер шарын 30 мыңға жуық жерсерік пен басқа да ғарыш қоқыстары айналып жүр. Ғалымдар ел үкіметтерін ғарыш аппараттарының соқтығысу қаупін азайту үшін өзара мәліметтер алмасып тұруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қытай билігі БҰҰ-ға көмекке жүгініп, Илон Масктың Starlink ғаламдық жерсерік жүйесіне баса назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Reuters.

2021 жылы Қытайдың Tiangong орбиталық станциясы SpaceX құрылғыларымен екі рет бетпе-бет соқтығысып қала жаздағаны, әйтеуір дер уақытында бұрылып үлгергендігі айтылады.

Қытайдың бұл мәлімдемесін тәуелсіз сарапшылар әлі тексерген жоқ, Маск компаниясы да болған жағдайға түсініктеме беруге асықпайды.

SpaceX компаниясы Starlink кең жолақты желісіне арнап 1900-ға жуық жерсерік жіберді. SpaceX 2020 жылы АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада ақылы интернет қызметін ұсына бастады. 2021 жылдың тамызына қарай Starlink бета-тестерлерін әлемнің 14 елінде 100 мыңға жуық адам пайдаланатын деңгейге жетті.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді