IT маманы смартфондағы мобильдік интернетті түнде неге өшіру керектігін айтты

Сурет: pixabay
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін смартфонға түнде дамыл беру керек. Түнде қосулы мобильді интернет үш-төрт жылдан асқан құрылғыға зиян тигізуі мүмкін, - дейді "Ақпараттық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйелері" кафедрасының доценті Евгений Кашкин, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер мобильді қосымшаларды тек Wi-Fi желісі арқылы жаңартудың арнайы өлшемдерін орнатпаған болсаңыз, онда смартфоныңыз оларды мобильді интернет арқылы жүктей бастайды.

"Прайм" агенттігіне берген сұхбатында Кашкин гаджет иелері түнде мобильді трафик пакетінің едәуір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін екенін де атап өтеді.

Сонымен қатар, маман қазіргі уақытта смартфонның қызып кету қаупі бар екенін қосты. Әсіресе, түнде, адамдар шырт ұйқыда жатқанда бұл жағдай өте қауіпті. Осы себепті жатарда смартфонды интернеттен ажыратып тастаған тиімдірек болады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды