Енді WhatsApp-ты бұғаттау мүмкін болмайды

Интернет цензура Сурет: freepik
Бірқатар елдерде WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер бұғаттауды (блокировкаға) айналып өтетін жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның ресми блогында пайдаланушылар енді прокси-серверлер арқылы мессенджерді іске қоса алатындығы айтылған. Сондай-ақ, бұл функция жұмыс кезінде қосымша қорғаныс үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі нақтыланады.

Қызметті әзірлеушілердің жоспарына сәйкес, бұғаттау орын алуы ықтимал жағдайда оны айналып өтуге арналған прокси-серверлер бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар мен еріктілер үшін құрылған.

Мекенжай туралы ақпарат және прокси байланыстың басқа да параметрлері әлеуметтік желіде немесе бұғатталмаған мессенджерлерде өзгеге берілуі мүмкін.

Бұған Иран билігінің 2022 жылдың аяғында елдегі ұзақ мерзімге созылған жаппай наразылықтарға қатысушылардың WhatsApp пен Instagram-дағы парақшасын бұғаттауы себеп болды. Компания мұны Тегеранның адам құқықтарын тікелей бұзуы деп санайды.

Сонымен қатар, әзірлеушілер өз блогында прокси-серверлерін құру және орнату бойынша нұсқаулықтарды жариялады.

Бұл мүмкіндік Android және iOS пайдаланушыларына қолжетімді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады