Қытайда әйелдерге арналған жаңартылған электромобиль таныстырылды

Қытайда әйелдерге арналған жаңартылған электромобиль таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 12:34 Сурет: oraev
Қытайда аты аңызға айналған Volkswagen Beetle моделіне ұқсас заманауи электромобиль шығарылды. Жаңа көлік Ora Ballet Cat деп аталады, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Өндірушінің ресми мәліметінше, бұл модель негізінен әйел жүргізушілерге арналған. Сондықтан оның салонында ыңғайлылыққа арналған бірқатар ерекше мүмкіндіктер қарастырылған.

Атап айтқанда, көлікте:

  • макияж жасауға арналған үлкен айна;
  • суретке түсіп, оны бірден әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік беретін селфи-камера;
  • салонды қысқа уақытта жылытып беретін Warm Man Mode арнайы режимі бар.
Қытайда әйелдерге арналған жаңартылған электромобиль таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 12:34

Сурет: oraev

Сонымен қатар жаңартылған Ora Ballet Cat жаңа электрқозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты бұрынғы 169 ат күшінен 201 ат күшіне дейін артқан.

Сондай-ақ көліктің ең жоғары жылдамдығы сағатына 154 шақырымнан 180 шақырымға дейін ұлғайған.

Бұған дейін Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: