Рим папасы, Джоан Роулинг және Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды

Сурет: pixabay
Twitter-дегі "көк белгі" бастапқыда пайдаланушыларды алаяқтардан қорғаудың және жалған ақпаратпен күресудің тәсілі ретінде енгізілген, бірақ қазір оны кез келген адам ақша төлеп иелене алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Twitter адамдардың аккаунттарынан кезінде ие болған "көк белгілерін" жоя бастады, оның арасында әлемдегі ең танымал адамдар да бар, деп хабарлайды Sky News.

Рим папасы, жазушы Джоан Роулинг, футбол жұлдызы Криштиану Роналду, америкалық рэпер Джей-З әлеуметтік желідегі парақшаларындағы "көк белгіден" айырылды. Твиттерде мұндай белгіге ие 300 мыңға жуық қолданушы болған, олардың көпшілігі спортшылар, музыканттар, журналистер және қоғам қайраткерлері болып келеді. 

"Көк белгі" айына 11 доллар төлеп, Twitter Blue-ге жазылған адамдарда ғана болады. Әртүрлі түсті белгілер сол күйінде қалады: алтын түс - бизнес өкілдері, ал сұр түс - үкімет, көпжақты ұйымның өкілдері немесе ресми тұлға.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды. Оның аккаунтындағы белгі сұр түске ауысты. 14 наурызда Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаған кезде, ол әлі көк түсте болатын. 


Сурет: Twitter/TokayevKZ


Сұр белгіге мемлекет басшылары (президенттер, монархтар және премьер-министрлер), мемлекет басшыларының орынбасарлары (вице-президенттер, премьер-министрлердің орынбасарлары), ұлттық деңгейдегі министрлер кабинетінің мүшелері, атқарушы биліктің бас өкілі, сондай-ақ ұлттықтан жоғары немесе ұлттық конгресстің, Парламенттің барлық палаталарының жеке мүшелері ие.

Қызықты
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды