Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді

Қытайлық гуманоид робот , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 09:27 Сурет: Х/UnitreeRobotics
Қытайлық компанияның Superman атты гуманоид роботы жүгіруші Усэйн Болттың жылдамдық көрсеткішінен асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы компания X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Робот секундына 12,66 метр жылдамдықпен қозғалған. Бұл – Усэйн Болттың 2009 жылы 100 метрге жүгірудегі рекордтық көрсеткішінен жоғары. Салыстырып қарасақ, Болттың сол жарыстағы ең жоғары жылдамдығы секундына шамамен 10,44 метр болған.

Сынақ барысында робот орнынан тұрып, екі метр биіктікке секірген. Әзірлеушілердің айтуынша, "Супермен" небәрі үш айда жасалған. Компания жақын арада роботтың қозғалыс мүмкіндіктері одан әрі жақсара түсетініне сенімді

Тамыз айының басында АҚШ-та экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге арналған робот-кентавр таныстырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: