"Яндекс" сайтының ашылмай қалуына байланысты компания түсініктеме берді

Сурет: pixabay
Компанияның баспасөз қызметі Yandex.kz домені мен "Яндекстің" барлық сервисі Қазақстандағы пайдаланушылар үшін әдеттегідей қолжетімді екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Домен де, "Яндекстің" барлық қызметтері де пайдаланушылар үшін қолжетімді, деп жазады ТАСС компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, 9 тамызда Қазақстандағы интернет пайдаланушылардың көпшілігі Yandex.kz сайтын аша алмаған. 

ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі бұл шектеу Қазақстан Республикасының территориясынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурсты орналастырумен байланысты екенін мәлімдеді.

Министрлік "Яндекс" ААҚ-ға компания пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері және ҚР азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары, сондай-ақ "Яндекстің" құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары туралы толық ақпарат беруді талап ете отырып, сауал жолданғанын да нақтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды