Британияда судья шешім жазу үшін ChatGPT пайдаланған

Сурет: freepik
Ұлыбританияның апелляциялық сотының судьясы Колин Бирсс ChatGPT ұсынған жауаптарға сенетінін, бірақ өзіңізге беймәлім мәселелерде жасанды интеллектке жүгінбеу керек екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лорд судья Бирсс жасанды интеллекті чат-ботынан өзіне бейтаныс заң саласын қысқаша баяндауды сұрағанын, кейін оның жауабын көшіріп алғанын айтты.

Колин Бирсс зияткерлік меншік құқығы бойынша маманданған. Ол мұндай құралдар адамдарға тиімдірек жұмыс істеуге көмектесетін "зор әлеуеті" бар екенін атап өтті.

"Жауабын білемін, өзім де сол жөнінде айтылатын абзацты жазайын дегем. Бірақ оны жасанды интеллект жазып берді, мен оны шешіміме енгіздім".судья Колин Бирсс

2023 жылдың басында Нью-Йорктегі екі заңгерге ChatGPT сот істеріне жалған сілтеме беріп жасаған анықтама үшін айыппұл салынды.

Олар жасанды интеллект бар чат-ботын әуе компания дене жарақатын келтірген іс бойынша клиентті ақтап шыққан прецеденттерді табу үшін пайдаланған, бірақ сотта олардың көбі жалған болып шықты.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі