Қытай компаниясы туристерді ғарышқа 200 мың долларға таситын болады

Қытайдың Deep Blue Aerospace жеке компаниясы ғарыш туристеріне арналған билеттерді сата бастады. Құны - 1,5 миллион юань, шамамен 210 мың доллар , деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, 2027 жылға жоспарланған алғашқы рейстің екі билеті сатып кеткен.

"Суборбитальды ғарыш сапарының ұзақтығы 12 минутты құрайды, компанияның кем дегенде бес тұтынушысы салмақсыз жағдайды сезініп, ерекше сезімге бөлене алады", делінген ұшу сипаттамасында.

Қытайдың Шығыс Цзянсу провинциясында орналасқан компания алғашқы билеттерін 24 қазанда сатылымға шығарды. Билеттер Taobao платформасында тікелей эфир кезінде небәрі 20 минутта сатылды. Басылым атап өткендей, қытайлық компанияның бағасы басқа бәсекелестерге қарағанда әлдеқайда төмен. Мысалы, британдық миллиардер Ричард Брэнсонның Virgin Galactic компаниясы билеттерді 600 мың доллардан сатады.

Айта кетсек, SpaceX компаниясы 2024 жылдың 10 қыркүйегінде Polaris Dawn коммерциялық миссиясын іске қосты. Бес күндік Polaris Dawn миссиясы тарихта алғаш рет екі ғарыш турисі – миллиардер Джаред Исаакман мен SpaceX инженері Сара Джиллисті ғарышқа алып шықты.

Қытай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: