Илон Маск роботтар мен адамдардың Марсқа қашан ұшырылғалы жатқанын айтты

Сурет: pixabay
Америкалық кәсіпкер және SpaceX-тың негізін қалаушы Илон Маск адам тәрізді Optimus роботы мінген кеменің Марсқа шамамен аттанатын датасын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Маск 15 наурызда Х әлеуметтік желісінде жазып, адамзаттың ғарышты жаулауы жайлы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Марсты игеру туралы арманның орындалуына екі қадам және бірнеше жыл қалды.

"Ғарыш кемесі келесі жылдың соңында Марсқа ұшады, бортында Optimus болады. Егер кеме сәтті қонса, онда адамдардың Марсқа баруы 2029 жылы басталуы мүмкін, дегенмен 2031 жылы да болуы мүмкін", – дейді Маск.

Optimus роботының адаммен максималды ұқсастығы бар және оны нейрондық желілер басқарады. Оны құрастырып шығушылардың айтуынша, ол тіпті үй шаруасын да жасай алады, сонымен қатар жақында  тұрақты белгіленген елді-мекенде жүріп-тұруға да үйретілген.

Илон Маск 2022 жылдың қазан айында Optimus атты адам тәрізді роботтың прототипін ұсынды. Ол сол кезде қораптарды көтеріп, гүлдерге су құя білетін. 2025 жылдың 15 наурызына қараған түні SpaceX компаниясына тиесілі, Сrew-10 миссиясының экипажы мінген америкалық Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылды.

Маск Илон

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты