Елордалық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты

Сурет: gov.kz
Астана қаласындағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 "А" сынып оқушысы Қуандық Амирхан ерекше жобасын таныстырды. Ол көру қабілеті нашар және мүлде көрмейтін жандарға арналған ақылды көзілдірік жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жас өнертапқыштың бұл жобасы көзі нашар көретін адамдарға күнделікті өмірде көшеде еркін қозғалып, түрлі кедергілерден сақтануға мүмкіндік береді.

Ақылды көзілдіріктің басты ерекшелігі — адамның алдында бір метр қашықтықтан бастап кедергі пайда болғанда, алдын ала қазақ тілінде "Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!" деген дауыстық ескерту жасайды.

Қуандық Амирхан бұл көзілдірікті зағип жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрастырғанын айтады. Алдағы уақытта ол жұмыстың ауқымын кеңейтіп, басқа да нұсқамаларды енгізуді көздеп отыр.

Бұл бастама — жас өнертапқыштың ғылым мен технология саласына деген қызығушылығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісі.

Ақылды көзілдірік әлеуметтік маңызы зор жаңалық ретінде қоғамның қолдауына ие болары сөзсіз. Жоба зағип жандардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың өз бетімен қозғалуына үлкен септігін тигізбек.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев