WhatsApp-та жаңа функция пайда болады: бұл жаңалық бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін

Сурет: pixabay
WhatsApp мессенджері қолданушыларға байланыс тізіміндегі адамдардың туған күнін еске салып отыратын жаңа мүмкіндікті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мақсатта қосымшада "Туған күн" атты арнайы бөлім пайда болады. Онда пайдаланушылар байланыс тізіміндегі адамдардың алдағы туған күндерін көре алады. Ал контактінің туған күні келгенде, WhatsApp қолданба ішінде арнайы хабарлама жіберіп, оны еске салады.

Бұл ретте, егер адам туған күнін қолданбада көрсетпесе, WhatsApp-та ол туралы мәлімет болмайды және ешқандай еске салу жіберілмейді.

Дегенмен бұл жаңалық барлық қолданушыға бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Себебі кейбір адамдар туған күнін атап өткенді немесе осыған байланысты құттықтаулар алғанды қаламайды.

Бұған дейін WhatsApp мәтіндік хабарламаларға арналған бір реттік қарау функциясын енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған