"Бурабайда" "Қызыл кітапқа енген" әрі жойылып бара жатқан қандай гүлдер бар

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы ерекшелігімен және парк аумағымығындағы керемет флористикасымен танымал. Мұнда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер өседі.

"Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі паркте өсімдіктердің 754 түрі бар екенін хабарлады. Оның ішінде 21 түріне жойылып кету қаупі төніп тұр, Қазақстан "Қызыл кітабына" реликті өсімдіктердің 79 түрі енген.

"Құндызшөп улы екенін бәрі біле бермейді, басқа сарғалдақ өсімдіктері сияқты гүлдердің белсенді заты болып протоанемонин саналады. Ол терінің және ішкі шырышты қабаттардың қабынуын тудырады. Құрғақ өсімдік улы емес, өсіп тұрған неме жаңа жұлынған гүлмен абай болуыңыз керек. Құндызшөп саны азайып келеді. Мұның себебі - негізінен, адамның іс-әрекеті: жер жырту, дәрілік шикізат жинау, гүл жинау, рекреациялық жүктеменің артуы, сонымен қатар себептердің бірі - өрт салдарынан орман екпелерінің жойылуы немесе зақымдануы. Осыған байланысты гүлдің бұл түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген". Ұлттық парк хабарламасы


Сурет: "Бурабай" ұлттық паркі



Сурет: Бурабай" МҰТП


"Гүлді "Шолпанкебіс" деп атауы халық арасындағы аңызға байланысты. Сұлулық құдайы - Шолпан (Венера) аяқкиімі есімімен аталады. Аңыз бойынша, Венера қуғыншылардан қашып, батпақты жерлерден өтеді. Сонда соқпақ төмпешікке сүрініп, оның аяғынан қызыл атлас ленталары бар алтын түсті аяқкиім ұшып кетеді. Ол жерге тиіп, лезде ленталары бар әдемі аяқкиімнің пішініне ұқсайтын әдемі кебіс гүліне айналып кетеді. Айта кету керек, шолпакебіс өсімдігі баяу өседі - тұқымның өнуінен бастап гүлденуіне дейінгі барлық кезең 15-17 жылды алады". "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі


Сурет: Бурабай" МҰТП


"Ақ тұңғиық - біздің планетамыздағы ең көне гүлді өсімдіктердің бірі. Жалпы кейінгі жылдары фенологиялық фазалардың өзгеру мерзімі, яғни ұлттық парктің өсімдіктеріндегі жылдық даму цикліндегі кезеңдер айтарлықтай өзгерген жоқ. 2021 жылы көктемгі температураның күрт өзгеруіне байланысты сарғалдақ тұқымдасы (ашық құндызшөп, сары құндызшөп) ашық күн сәулесінен зардап шекті, гүлдердің күйіп қалуы тіркелді. 2022 жылы лалагүл мен мен сарғалдақ тұқымдасының жаппай гүлденуі байқалды. 2023 жылы жауын жеткіліксіз болғандықтан тамыр қабатындағы топырақ едәуір кеуіп, өсімдік зардап шекті".«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Қазақстан Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: