Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстері көбейеді

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 12:47 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге келді. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 5 қарашада ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері арасындағы екіжақты келіссөз Ташкентте "Қытай – Орталық Азия" (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында өтті.

Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, ал Өзбекстан тарапын Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров басқарды.

"Келіссөз барысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейту, тұрақты рейстердің жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін жақсарту мәселелерін талқылады. Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 60 рейске дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді", – делінген ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзге бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін арттыруға келісті.

ҚР Көлік министрлігінің пікірінше, қол жеткізілген келісімдерді іске асыру жолаушылар сұранысы жоғары бағыттар бойынша әуе рейстерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін 2027 жылы Қазақстаннан Вена, Нью-Йорк және Милан қалаларынаәйе ресйстері ашылатыны белгілі болған еді. Бұл туралы 2026 жылғы 4 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: