Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстерінің саны артады

Флаги Китая и Казахстана, флаги КНР и РК, казахстанско-китайские отношения, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 12:09 Фото: Zakon.kz
Қазақстан мен Қытай тұрақты әуе рейстерінің санын көбейту және жаңа бағыттарды ашу туралы келісімге келді. Бұл туралы 15 шілдеде Азаматтық авиация комитеті (ААК) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, тиісті келіссөздер Бейжіңде өтті.


"Тараптар екі елдің әуе тасымалдаушылары орындайтын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 124-тен 152 рейске дейін ұлғайту туралы келісті. Сондай-ақ Қазақстанмен әуе қатынасы жүзеге асырылатын Қытай қалаларының тізімі 11 қалаға дейін кеңейтілді. Олардың қатарына Қытайдың ірі көлік-логистикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі – Чунцин қаласы да енгізілді", – делінген ААК хабарламасында.

Сонымен қатар тараптар Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін, оның ішінде қытайлық әуе компанияларының рейстерін іске қосу мүмкіндігін талқылады.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін ашу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл шешім әуе кеңістігінің өткізу қабілетін арттыруға, ұшу бағыттарын оңтайландыруға, қолданыстағы әуе дәліздеріне түсетін жүктемені азайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық әуе компанияларына Қытай әуежайларынан ұшу уақытын (слоттарды) бөлу, Қытайдың әуе кеңістігін пайдалану, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерін іздестіру және құтқару саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық туралы келісім жасасу мәселелерін қарастырды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан Грузияға Атырау – Батуми жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылатыны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: