Енді туристер Венецияға кіру үшін ақы төлейді

Сурет: unsplash
Еуропадағы ең танымал туристік қалалардың бірі Венеция келушілерден кіру ақысын талап ете бастайды. Туристік салық 5 еуро (шамамен 2,5 мың теңге) болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Венеция туристерден бір рет қонбай келгені үшін ақы алатын әлемдегі алғашқы қала болмақ. Бұл туралы CNN жазды. 5 еуро алым 2024 жылдың көктемінен бастап күшіне енеді және Венецияға келушілер қаптайтын кезде міндетті болады.

Венеция билігі бұл төлем бірінші кезекте 30 күндік эксперимент аясында енгізілетінін айтты. Егер шара сәтті деп танылса, ол тұрақты негізде бекітіледі. Венеция әкімдігі туристерден күнделікті төлемді талап етудің орнына қалаға кіру үшін ақы төлеуге тура келетін ең қарқынды күндерді анықтайды. Бұл "белгілі бір кезеңдерде бір күндік туризм көлемін азайту" үшін жасалмақ.

Бұл төлем Венецияның "ескі қаласына" баратын 14 жастан асқан туристерге қолданылады. Бірақ Венецияда жылжымайтын мүлкі бар, спорт жарыстарына қатысатын немесе қалада қонақүйде түнейтіндер үшін ерекшелік бар.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдіктер төлейтін туристік алымның жаңа ережесі қабылданған еді.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай