Туризм министрлігі Қазақстан азаматтары мен туристік компанияларға үндеу жолдады

Сурет: unsplash
ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан азаматтары мен туристік қызмет субъектілерінің назарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Туризм индустриясы комитетіне Қазақстан азаматтарынан Египет курорттарындағы демалысқа қатысты көптеген өтініштер келіп жатыр.

Осыған байланысты министрлік келесідей үндеу жолдады.


"Өздеріңіз білетіндей, Египет аумағы қазір әскери қақтығыс болып жатқан Израильмен шектеседі. Сонымен қарулы қақтығыс Египетке жақын арада демалуды жоспарлаған туристерді алаңдатып отыр. Өз кезегінде туристер баламалы нұсқаларға келіспеген жағдайда алдын ала туристік компанияға қаражатты қайтаруды сұрап жүгінуге және сапардан бас тартуға құқылы екенін хабарлаймыз". Туризм және спорт министрлігі

Бұл жағдайда туристік компаниялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты нақты шеккен шығындарын ұстауға құқылы.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы