Индонезияда визасыз жүру үшін Қазақстан азаматтарына қандай талаптар қойылады

Сурет: magnific
ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында қазақстандықтарға Индонезияға визасыз кіру шарттары мен сапар кезінде сақтауы қажет талаптар жайын еске салды, деп хабарлайды Тілші Zakon.kz.

Спикер 2026 жылғы шілде айынан бастап Индонезия СІМ шешімі бойынша Қазақстан азаматтары аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Визасыз режимнің мән-жайын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов апталық брифингте айтып берді.

"Визасыз режим енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алды. Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстан аумағына визасыз кіру және 30 күнге дейін болу құқығын ұсынған болатын. Осылайша екі ел азаматтары үшін отыз күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру жәнее лде болу режимі қолданылады", - деді Жанболат Үсенов.

Индонезия тарапы белгілеген талаптарға сәйкес, визасыз кіру тегін жүргізіледі және елге бір рет кіруге мүмкіндік беріледі. Ел аумағында болудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі — келген күннен бастап 30 күнді құрайды.

"Бұл ретте азаматтар Индонезияға кіру кезінде қолданылатын жалпы талаптарды да ескеруі керек. 2025 жылдың 1 қазанынан бастап шетелден келген барлық жолаушылар All Indonesia бірыңғай электронды декларациясын толтыруға міндетті. Декларация тегін толтырылады және алдын ала рәсімделуі мүмкін", - деп сөзін түйіндеді ҚР СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Таиланд арадағы визасыз режим мерзімін неге қысқартқаны айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады