Таиланд арадағы визасыз режимді неге өзгертті - СІМ түсініктемесі

Таиланд, визасыз режим, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 17:31 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов 2026 жылғы 16 қыркүйектегі брифинг барысында Таиландтың Қазақстанды қоса алғанда, 93 елдің азаматтарына арналған 60 күндік визасыз режимге қатысты шешімін не себепті қайта қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Спикер Таиландтың бірқатар мемлекеттердің азаматтары үшін елде визасыз болуға қатысты құжат мерзімін қысқартып жатқанын еске салды.

"Іс жүзінде Таиланд билігі екі жыл бұрын өздері қабылдаған біржақты шешімінің күшін жойды. Ол шешім бойынша Қазақстанды қоса алғанда, 93 ел мен аумақтың азаматтары үшін бірыңғай 60 күндік визасыз режим енгізілген болатын. Тай тарапы бұл шешімді қайта қарау ұлттық қауіпсіздік мәселелері мен экономикалық факторларды ескере отырып, көші-қон саясатын жаңарту қажеттілігінен туындағанын жеткізді", – деді Жанболат Үсенов.

Ол Таиландтың министрлер кабинетінің бұл шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте өз күшіне енгенін атап өтті.

"Ал бұл ҚР азаматтары үшін нені білдіреді? 15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтарына ҚР Үкіметі мен Таиланд корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы бұрын қол қойылған келісім қолданылатын болады. Ол келісімге сәйкес, ҚР азаматтары Таиландқа келген сәттен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады. Бұл ретте Таиландтағы визасыз болудың жиынтық мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, енді ҚР азаматтары Таиландта 60 күн емес, 30 күн визасыз жүре алады. Осыған байланысты Таиландқа баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады", – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Ол Таиландта 30 күннен артық болуды жоспарлаған азаматтарға виза рәсімдеу қажет екенін баса атап өтті.

Бұған дейін Сауд Арабиясы ұмра қажылығын өтеуге арналған жаңа көп мәртелік визаны іске қосқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: