Сауд Арабиясы ұмра жасауға арналған бір жылдық көп мәртелік виза енгізді

Сауд Арабиясы ұмра жасауға арналған бір жылдық көп мәртелік виза енгізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 12:22 Сурет: pixabay
Сауд Арабиясы ұмра қажылығын өтеуге арналған жаңа көп мәртелік визаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігінің мәліметінше, жаңа виза берілген күннен бастап 365 күн бойы жарамды болады. Ол қажыларға бір жыл ішінде Корольдікке бірнеше рет кіріп-шығуға мүмкіндік береді. Алайда бұл визамен Сауд Арабиясында болу мерзімі жалпы 90 күннен аспауы тиіс. Бұл шектеу визаның қолданылу мерзімі ішінде жасалған барлық сапарлардың жиынтық уақыты бойынша есептеледі.

Әрбір сапар алдында қажылар міндетті түрде Nusuk платформасы арқылы министрлік аккредитациялаған қызмет көрсетушілердің бірінен арнайы сервистік пакетті сатып алуы қажет. Бұл пакетке Сауд Арабиясында болуға қажетті негізгі қызметтер кіреді. Сонымен қатар пакеттің жарамдылық мерзімі визада қалған рұқсат етілген күн санынан аспауы керек.

Қажылық және ұмра министрлігі жаңа көп мәртелік виза қажылық маусымында қолданылмайтынын ерекше атап өтті.

"Бұл виза тек ұмра қажылығын өтеуге арналған", – деп мәлімдеді министрлік.

Сауд Арабиясы билігінің айтуынша, бұл жаңашылдық қажылардың сапарын ұйымдастыруды жеңілдетуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және Saudi Vision 2030 бағдарламасы аясында діни туризмді дамытуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: