Оңтүстік Корея цифрлық көшпенділерге арналған жаңа виза енгізді

Оңтүстік Корея цифрлық көшпенділерге арналған жаңа виза енгізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 12:07 Сурет: pixabay
7 шілде күні Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі цифрлық көшпенділерге (Digital Nomad) арналған визаның ресми түрде іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Кореяның электрондық үкіметінің ресми сайтының мәліметінше, бұл виза шетел азаматтарына елде үш жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Алғашында виза бір жылға беріледі, кейін оны екі рет ұзартуға болады.

Виза алу үшін қойылатын ең төменгі жылдық табыс мөлшері үміткердің жасына және қай өңірде тұруды жоспарлайтынына байланысты белгіленген:

  • 18–34 жас аралығындағылар және Сеул, Инчхон мен Кёнгидо өңірлерінен тыс жерде тұратындар – жылына кемінде 37 мың АҚШ доллары табыс табуы қажет.
  • 18–34 жас аралығындағылар және астаналық өңірде (Сеул, Инчхон, Кёнгидо) тұратындар – жылдық табысы кемінде 55 мың АҚШ доллары болуы тиіс.
  • 35 жастан асқан үміткерлер өңірлерде тұрса – жылына кемінде 55 мың АҚШ доллары табыс көрсетуі керек.
  • 35 жастан асқан азаматтар астаналық өңірде тұрғысы келсе – жылдық табысы кемінде 74 мың АҚШ доллары болуы қажет.

Сонымен қатар өтініш берушінің өз мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Бұдан бөлек, сотталмағаны туралы анықтама мен медициналық сақтандыру полисін ұсынуы қажет.

Егер өтініш беруші отбасы мүшелерімен бірге көшіп келетін болса, бұл жағдайда жасына қатысты талап қолданылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: