Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тағы бір жаңа виза пайда болды: мүмкіндіктер мен артықшылықтар

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 11:57 Фото: freepik
Қазақстанда IT мамандарына арналған Digital Nomad Visa іске қосылды. Бұл туралы 2024 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасы халықаралық мамандарды тартуға және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталғанын түсіндірді.

"Бұл виза әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпқойларға заманауи цифрлық қызметтер мен жайлылықтың жоғары деңгейін пайдалана отырып, Қазақстанда тұру және жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Digital Nomad Visa Қазақстанды қашықтықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсына отырып, IT мамандарына арналған. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті, озық цифрлық қызметтерді және бизнесті жүргізудің қарапайымдылығын бағалайтын мамандарды тартады". ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Цифрлық даму министрлігі Digital Nomad Visaның артықшылықтарын да атап өтті:

  • икемді визалық режим – визаны ресімдеудің және ұзартудың жеңілдетілген рәсімдері;
  • 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік – бүкіл ел бойынша тұрақты байланыс;
  • жергілікті мәдениетпен интеграция – бейімделуге, баспана және кәсіптік байланыстарды табуға қолдау көрсету;
  • мемлекеттік қолдау – бизнесті жүргізуді жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу.
"Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділердің халықаралық орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам Бағдарлама инновациялық экожүйелерді дамытуға және барлық елдерден келген мамандармен тәжірибе алмасуға септігін тигізетін қолайлы жұмыс жағдайлары мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді", — деді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және тұруға бірегей мүмкіндіктер беретіні хабарланды.

2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстан қазіргі көшпенділер үшін жаңа Neo Nomad визасын енгізгені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: