Қарашөкеев картоп экспортына тыйым салынатынын мәлімдеді

Сурет: pixabay
Ведомствоаралық комиссия картоп экспортын шектеуді көктемге дейін ішкі нарықты толық қамтып, өнім құнын арттырмау мақсатында қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күзгі жиын-терім көп мемлекет үшін сәтсіз болғанын айта келе, картоп экспортын шектеу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Көрші елдерді қарасақ, мысалы Қырғызстандағы картоптың көп бөлігі экспортталған. Өзбекстан  да сыртқы нарыққа тәуелді. Ал Ресейде биыл 8,3 процентке аз картоп алынған. Яғни, қазақстандық өнімді түгел сатып алуы мүмкін деген сөз. Осы жағдайларды ескере отырып, ведомствоаралық комиссия экспортты шектеу туралы шешім қабылдады.Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев

Көрші елге картоптың 80 мың тоннасы қажет. Министр «оның бәрін біз экспорттайтын болсақ, көктемгі жағдай бір айда қайталанар еді» дейді. Себебі елде алқап кеңейтілгенмен, қамба былтырғыдан 100 мың тоннаға аз толықты. 3 млн 900 мың тонна картоп жиналған.

Қазір қордағы өнім мен ішкі сұраныс қайта сараланып жатыр. Артылған картоп сыртқа шығарылуы мүмкін. Дегенмен оның өзі жеткіліксіз болады. Өйткені сұранысты өтеу мүмкін емес. Еліміз жыл сайын 40-50 мың тонна өнімді импорттайды. Енді құзырлы мамандар өндірушілерге ішкі нарыққа көңіл бөлуге кеңес береді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды