Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға мүмкіндік берілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан бос уақытында қосымша табыс табуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Қазіргі уақытта заңнамада мұндай норма жоқ, бірақ болашақта біз мұндай норманы қарастырамыз, түзетулер әзірлеп жатырмыз. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова

Бірақ, оның айтуынша, бизнеспен айналысуға мүмкіндік беру туралы сөз қозғалмаған.

Жоқ, кәсіпкерлікпен емес. Егер де отбасын асырау үшін қосымша қаражат қажет болса, мысалы, бос уақытында такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Біз қазір тиісті түзетулерді дайындап жатырмыз. Бірақ бұл норма әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады. Анар Жайылғанова
Қазақстан
Жайылғанова Анар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді