Жаңа лауазымға тағайындалған Смайыловты Мишустин құттықтады

Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М. Мишустин Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, делінеді Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.

Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Сізбен бірге екіжақты күн тәртібінің барлық саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына тән мазмұнды және тұрақты диалогты әрі қарай жалғастыра береміз деп үміттенемін. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша дайынбыз. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымының көлемі 30%-ға артып, 19,5 млрд долларға жетті. Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалып отыр – Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ға, оның ішінде өңделген өнім экспорты 47,7%-ға өсті. 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен  салыстырғанда сауда көлемі де 21%-дан астамға өсті.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды