Кәдеге жарату төлемдеріне қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмаларын орындау үшін келесідей жұмыстар жүзеге асырылады. «Оператор РОП» ЖШС ҚР Экология кодексінің 387-бабына сәйкес 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмсалды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд, салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңгені құрайды.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев
Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесіне де тоқталды.
Бірінші – жеке мемлекеттік оператор немесе Өнеркәсіпті дамыту қорының базасында оператор құру. Екінші – кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау. Үшінші – кәдеге жарату алымы есебінен отандық көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев