Қазақстандықтар Украинаға бара ала ма – Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Украинаға өз еркімен барғысы келетін қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біріншіден, Украинаға жету қиын, өйткені логистика жағы күрделі. Екіншіден, азаматтарымызға қазір Украинаға баруға кеңес бермес едім. Өйткені, шынын айту керек, 23-іне дейін біздің Air Astana әуе компаниясының ұшақтары Киевке аптасына төрт рет ұшатын. Елшілік біздің азаматтарға тезірек кетуге кеңес берді, көбі тыңдамады, кейін жағдай ушыққанда, елшілік жұмыс істемеді, Сыртқы істер министрлігі жұмыс істемеді деп жазғыра бастады.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев

Нұрышев қиын жағдай туындаған жағдайда азаматтар Сыртқы істер министрлігі мен елшілікке хабарласатынын айта келіп, қазақстандықтардан әзірге Украинаға бармауды сұрады.

Қазір Украинаға баруды ойлап жүрген бұл азаматтар ертең қандай да бір жағдайға тап болса, алдымен кімге хабарласады? Сыртқы істер министрлігі мен елшілікке. Азаматтарымыздан ол жаққа бару ниетінен аулақ болуды сұраймын.Шахрат Нұрышев

Кеше Нұр-Сұлтан әуежайына Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаған екінші ұшақ қонды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді