Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

Сурет: pixabay
26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды.

Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында, – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР ИИДМ-де халықаралық жүк тасымалындағы мәселелер бойынша жедел кеңес өткен еді. Қазақстандық жүк көліктерін Украинадан шығару үшін олардың тізімі жасалып, ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілді.

Сонымен қатар ҚР ИИДМ көліктер мен жүргізушілерді қосымша құжаттарсыз өткізу жөнінде Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына жүгінді. 2022 жылғы 28 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев уәкілетті органдармен қазақстандық тасымалдаушылардың Украинадан шығуы үшін «жасыл дәліз» ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізді.

Кеңес барысында тасымалдаушыларға жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдавия шекараларына жіберу ұсынылды. Онда өткізу пункттері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен өту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды.

Туындаған сұрақтар бойынша Call-орталыққа +7 708 088 0 800; +7 (7172) 98-35-35 нөмірлеріне қоңырау шалуға, сонымен бірге + 7 708 088 0 800 WhatsApp нөміріне жазуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс