Қазақстандағы қант қоры үш айға жетеді – Сауда министрлігі

Сурет: pixabay
Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қоры шоғырланған, ол 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізілуде: Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар. ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Ведомство өкілдері қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

2021 жылы Қазақстанда меншікті қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 89-ға жоғары. Қазақстанда қант пен сірнені тұтынудың шамамен 60%-ы (өнеркәсіптік пайдалануды қоса алғанда) импорттық өнім (шикі қант). ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант жәну шикі қант импортталған.

Ресей Федерациясынан Қазақстанға 275,8 млн тонна әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Бразилиядан 164,6 млн тонна, Беларусьтен 35,5 млн тонна, Мексикадан 30,4 млн тонна қант келді.

Ресей
Қазақстан
Сұлтанов Бақыт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды