Министр Алматыда өлтірілген дәрігер туралы: Ол өте тәжірибелі маман еді

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау туралы заң жобасында ауруханаларда медициналық оқиғалар болған жағдайда пациенттерді қолдау қызметін кірістіру ұсынылуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген. Заң кешенді. Онда дәрігердің мәртебесі, дәрігерді әлеуметтік қолдау, материалдық қамтамасыз ету сынды мәселелер көтерілген. Сондай-ақ дәрігерлерді қорғау мақсатында медициналық оқиға орын алған жағдайда, дәрігерлерді жауапқа тартпау үшін медицина қызметкерлерін әлеуметтік кәсіби сақтандыру мәселесі де қарастырылды.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, бұл үшін әрбір медицина қызметкері, орта медицина қызметкерлері және олардың кәсіби қызметі сақтандыру компаниялары арқылы сақтандырылады.

Медициналық оқиғалар болған жағдайда ауруханаларда пациенттерге қолдау көрсету қызметі бар. Сондай-ақ шағым немесе науқастың арызы медиация тәртібімен қаралады, екі жақ келісімге келмесе, бұл өтініштер сақтандыру компанияларына түседі, денсаулыққа келтірілген зиянды солар өтейді.Ажар Ғиният

Алматыдағы дәрігердің өліміне тоқталған Денсаулық сақтау министрі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өз ісін жақсы білетін өте тәжірибелі маман болғанын, сонымен қатар «кәсіби қызметінде зор жетістіктерге жеткенін» атап өтті.

Кеше әріптестері оны бұрыннан білетінін, бірге оқығанын, кандидаттық диссертацияны бірге қорғағанын, мінезінің жақсы болғанын айтты. Ажар Ғиният

Еске салсақ, кеше Алматыда белгісіз біреу гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтіріп кетті.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: