Мемлекеттік органдардың цифрлық платформасын қазақстандық IT-компаниялар жасайды

Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин бірыңғай цифрлық үкімет платформасын әзірлеуге қазақстандық IT-компаниялар тартылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Геосаяси жағдайды және өзіміздің мүмкіндіктерді ескере отырып, «ҰАТ» АҚ-мен қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, өз бетімен платформа жасау туралы шешім қабылданды. Асқар Жамбакин

Вице-министр қазіргі уақытта техникалық-экономикалық талдау жүріп жатқанын айтты.

Бұл шамамен 2-3 жыл уақытты алады, осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Асқар Жамбакин

Бұған дейін Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясының шешімдері таңдалған болатын. Кейін eGov жүйесін Сбербанк платформасына көшіру туралы мәміледен бас тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты