Қазақстанда әскери шеру болмайды: Қорғаныс министрлігі себебін айтты

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қорғаныс министрлігі биыл Қазақстанда әскери парад неліктен болмайтынын түсіндірді. Оған себеп – бюджет қаражатын үнемдеу, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы Қазақстанда әскери шеруді өткізу бюджетті үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұруға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға басымдық берілетінін» атап өтті.

Еске салсақ, 13 сәуірде Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайтыны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді