Ажар Ғинияттың айтуынша, егер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнет жасын қысқарту мәселесі бойынша жұмыс тобын құрса, Денсаулық сақтау министрлігі де қосылуға дайын.
Ерекше ауыр жағдайда жұмыс істейтін жұмысшыларға келетін болсақ, олардың зейнетке ерте шығуға мүмкіндігі бар екенін білемін, мұндай норма бар. Бізде кәсіптік сырқаттар тізілімі бар. Ал өмір сүру ұзақтығы бойынша әйелдер ерлерге қарағанда тоғыз жылға ұзақ өмір сүреді. Яғни, өмір сүру ұзақтығы жоғары. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Сондай-ақ журналистер министрден қазақстандық әйелдердің 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын деген талаптарының қаншалықты орынды екенін сұрады.
Бұған талдау жасау керек. Дәл қазір менде ақпарат болмағандықтан, бірдеңе деу қиын. Зерттеу керек. Ажар Ғиният
12 мамырда Ералы Тоғжанов үкімет Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қарастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Еске салсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас алты айға дейін ұлғайтылды.
Әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай әйелдер де зейнеткеге ерлер сияқты 63 жаста шығуы тиіс.