Үкіметте еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газбен қамту мәселесі талқыланды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандырудың екі нұсқасы пысықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Біріншісі – Ресей арқылы газ тарту. Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, газ тарту нұсқаларын қарастыру үшін шамамен тұтыну көлемдерін анықтап, ресейлік тарапқа жібергенін айтты.

Сонымен қатар газ құбырларының ең оңтайлы бағыттары да анықталды:

Бүгінгі таңда ресейлік тарап есептеулер жүргізуде, біз оны осы жылдың екінші тоқсанында аламыз деп отырмыз. Сондай-ақ Ресейден сұйытылған газ жеткізу арқылы Шығыс Қазақстан облысы мен солтүстік облыстарды газбен қамту нұсқасын пысықтап жатырмыз. Бірақ айдау және қайта газдандыру үшін тиісті инфрақұрылымды салуды, құрылысқа тиісті инвестицияны қажет етеді. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Баламалы нұсқа – «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан газ беру.

Қазіргі уақытта «АстанаГаз» ҚМГ» АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» газ құбырының II-III кезегінің құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін түзетіп отыр. Мемлекеттік сараптаманы алудың күтілетін мерзімі – осы жылдың маусым айы. Болат Ақшолақов

Министрдің айтуынша, материалдар құнының қымбаттауын ескере отырып, магистральдық газ құбырының II-III кезегі құрылысының сметалық құны 165 млрд теңге болады.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады