Назгүл Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Үкіметтің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.

2001-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2005-2018 жылдары «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Сәкеев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі