Өскенбаев «Жібек Жолы» кемесі жағдайы Қазақстанға еш зияны тимейтінін айтты

Сурет: gov.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Жібек жолы» кемесіндегі жағдайдың Қазақстанға әсері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан үшін салдары болмауы керек. Өйткені біздің еліміз халықаралық құқықты да, халықаралық келісім бойынша ратификациялаған келісімдерді де ешқашан бұзған емес және бұзбайды, – деді Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында.

Бұған дейін министр Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтқан еді.

Біз кемені тапсырған кезде оған ешбір заңсыз тасымалдау – есірткі, қару-жарақ, басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға болмайды деген шектеулер қоямыз. Шешім күтеміз, өйткені жағдай әлі де толық түсінікті емес.Қайырбек Өскенбаев

Еске салайық, маусымның 30-ы күні бірқатар БАҚ Қазақстанның «Жібек жолы» кемесімен Украинадан Бердянск теңіз сауда порты арқылы Түркияға астық экспортталатыны туралы ақпарат таратқан еді.

Кейіннен астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында болғаны белгілі болды. Еуропада тіркелген сатушы компания мәміленің заңдылығын мәлімдейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады