ҚР СІМ Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
4 тамызда елшілікке баса-көктеп кірген экстремистер ғимараттың бір қанатында діни жалауларын көтеріп, діни ұрандар айтты. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен ағылшын полициясы топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз. Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомства әзербайжан халқының төзімділігіне сенім білдіріп, бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әзірбайжан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді