АШМ 2023 жылдың соңына дейін 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтаруды уәде етті

Сурет: akorda.kz
Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мемлекетке 2,9 млн гектар пайдаланылмаған жер телімі қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда мемлекетке 2,9 млн гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды және 2023 жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша нақты шешімдер қабылданады. Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Оның айтуынша, осы көлемді жұмысты атқару үшін қосымша 200 штат бөле отырып, жер инспекциясы функциясын нығайту қажет.

Сондай-ақ, АШМ басшысы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша мониторинг жүргізу функцияларын дұрыс орындамаған жағдайда аудандар әкімдерінің және жер қатынастарына жетекшілік ететін облыс әкімдері орынбасарларының жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды